|
29.02.2024 | 09:51
730

Қожайын ғой менің жұмағым: Ерке Есмаханның күйеуі қандай шектеулер қояды

Эстрада жұлдызы желіде оқырмандарымен тілдесті

Қожайын ғой менің жұмағым: Ерке Есмаханның күйеуі қандай шектеулер қояды instagram.com/erke_esmahan/

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан желіде оқырмандарымен тілдесіп, күйеуі Raim-ның қойған шектеулеріне қатысты жауап берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі instagram желісіне сілтеме жасап. 

Өнер иесі жолдасымен не себепті ел алдына шықпайтынын түсіндірді. Ерке Есмахан Instagram парақшасында елді қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді. Өнер иесіне жолданған сауалдардың басым көпшілігі оның отбасылық өміріне қатысты болды. Оқырмандардың бірі әншіден отағасы қоятын шектеулер жайлы сұрады. 

- Ретті де, ретсіз де шектеулер бар. Еркек болған соң ойламаған жерден бірдеңе айтады. Кейде ақырын келістіріп аламын. Кейде "сенікі дұрыс" деп үндемей қоя саламын. Қожайын ғой менің жұмағым, - деп жазды Ерке.
Сонымен қатар эстрада жұлдызы күйеуімен бірге ел алдына неге шықпайтынын айтты. 

- Туған күн, той, тұсаукесер бәріне шақырту аламыз. Шақырушыларға мың алғыс. Шаңырақ көтергенімізге бір жыл болды. Осы бір жыл ішінде менің аяғым ауыр болып бара алмадық немесе елде болмай қаламыз. Әйтеуір, реті келмей жатыр. Шынымен, ерлі-зайыпты болып қол ұстасып, еш жерге бармаппыз. Алдағы уақытта барамыз деген үміттемін, - деді ол.  

Оқи отырыңыз: Бастысы, жүрек тоқтамасын: Роза Әлқожа әлеуметтік желіде әсерлі жазба қалдырды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир