Оралдан Антальяға 14,5 млн теңгені заңсыз алып өтпек болған жолаушы тоқтатылды

gov.kz
gov.kz
Тәртіп бұзушы осы ақшаны заттарымен бірге полиэтилен пакетке салып жүрген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

21.09.2022 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Орал-КРО" кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп «Орал-Анталья» халықаралық рейсімен кетіп бара жатқан жолаушыларды бақылауды жүзеге асыру барысында ЕАЭО елдерінің бірінің азаматын ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Ұстау кезінде 14,5 млн. теңге сомасында қолма-қол ақша қаражаты анықталды (бұл ҚР Ұлттық Банкінің 21.09.2022 ж. бағамы бойынша 30 318 доллар  құрайды). Тәртіп бұзушы осы ақшаны заттарымен бірге полиэтилен пакетке салып жүрген.

Тәртіп бұзушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жазалау шаралары қолданылды.

ЕАЭО Кеден кодексінің нормаларына сәйкес, кедендік декларациялауға - кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларациясын ұсынған күні қолданыста болатын валюта бағамы бойынша 10 мың АҚШ долларына балама сомадан асатын қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) жол чектерін Одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе Одақтың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезіндегі қолма қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері жатады.

Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығымен  Қазақстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын және алтыннан жасалған "ALTYN BARYS" және күмістен жасалған "KÚMIS BARYS" инвестициялық монеталарын, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынды.

"Осыған байланысты шетелге шығуды жоспарлаған азаматтардан Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО қолданыстағы кеден заңнамасын сақтауын сұраймыз", - делінген хабарламада.

Новости партнеров