|
12.03.2024 | 09:22
2074

Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлерден ақша бопсалаған екі адамды ұстады

Тінту барысында іс фигуранттарынан атыс және суық қару, сондай-ақ есірткі заттары алынды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлерден ақша бопсалаған екі адамды ұстады ҰҚК / пресс-служба КНБ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен бопсалау күдігі бойынша Ақмола облысының 2 тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Тергеу материалдары бойынша, олар шетелдік «заңдағы ұрылар» деп аталатындардың қамқорлығымен кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан. Осылайша, «Бурабай» курорт аймағының бизнес субъектілеріне қылмыстық бақылау орнатуға тырысқан.

Тінту барысында іс фигуранттарынан атыс және суық қару, сондай-ақ есірткі заттары алынды. Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз: Жаңаөзенде инкассатор көлігі аударылып қалды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир