|
27.05.2022 | 10:33
1511

Петропавлда күйеуін пышақтап өлтірген әйел туралы тың деректер пайда болды

Көршілердің айтуынша, ерлі-зайыптылар жанжалдаспайтын, қайырымды жандар болатын

Петропавлда күйеуін пышақтап өлтірген әйел туралы тың деректер пайда болды © Sputnik / Табылды Кадырбеков

25 мамырға қараған түні 32 жастағы полиция қызметкерін өз төсегінде пышақтап өлтірген. Ер адамның кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұққан. Марқұмның әйелі аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді. 

Қайғылы оқиғадан кейін көршілері марқұмның әйелімен де, ата-анасымен де тілдескен. Көршілері полиция ер адамның жақындарын іздеп келмеді деп аң-таң, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Көршілердің айтуынша, ерлі-зайыптылар жанжалдаспайтын, қайырымды жандар болатын.

"Олар ешқашан дауласпайтын. Біз болған жағдайға аң-таңбыз. Менің әйелім марқұмының курстасы. Ол жылдың үздік полиция инспекторы дипломымен марапатталған. Оның інісі де полиция қызметкері. Әйелі дүкенде жұмыс істейді. Ерлі-зайыптылар жанжалдасқанның өзінде онысын білдірмейтін", – дейді көршілерінің бірі.

Ер адамның айтуынша, ол марқұмның әйелін тергеу экспериментіне әкелген кезде көрген. Келіншек қылмысын мойындаған көрінеді.

"Көңіл айттым. Мұндай жағдайда не сұрайсың... Бір қызығы полиция келіп әлі жауап алмаған", – деді көршісі.

Күдіктінің қызметтестері де әйелдің мұндай қылмысқа барғанына сенбейді.

"Сенбеймін. Ол мейірімді, жайдары адам. Мұндайға баруға батылы жетпес еді. 24 күні жұмыста болды... Ол күйеуінің болмаса оның ата-анасының үстінен шағым айтқан емес. Бірге демалған кезде бәрі жақсы болатын", – деді келіншектің қызметтестерінің бірі.

Жақында ерлі-зайыптылар демалысын балаларымен бірге ауылда өткізген болатын. Әріптестері әйелді мұндай қылмысқа не итермелеуі мүмкін екенін түсінбей дал.

"Ол жанжалдаспай, бәрін бейбіт түрде шешуге тырысып, күлімсірей салатын. Дүкенге әртүрлі адамдар келеді, бірақ ол ешкіммен ұрсыспайды. Не болғанын білмеймін... Жүрегіне пышақ сұғу... Неге екені белгісіз, бірақ полиция бізге келмеді", — дейді дүкендегі қызметкер.

Әйелдің қызметтестерінің айтуынша, ер адамды 26 мамыр күні Есіл ауданына қарасты шағын ауыл зиратына, ата-әжесінің жанына, жерленген.

Бұған дейін Петропавлда полиция қызметкерін өз үйінде пышақтап кеткені туралы жазған болатынбыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир