160 млн теңгені жымқырған теміржол күзетінің басшылары 7-8 жыл түрмеде отырады

elements.envato.com
elements.envato.com
Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС бас директоры Б. Нахановқа, оның орынбасары А. Мұқатаеваға және менеджер Р. Сидиковқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Олар бейнебақылау жабдықтарын сатып алуға бөлінген 159,4 млн теңге ақшаны жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ Наханов әскерилендірілген теміржол күзетінің жүргізушісі ретінде адамды жұмысқа орналастыру арқылы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.

Сот үкімімен Нахановқа 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сол үкіммен Мұқатаева мен Сидиков 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Алматыда автобус апатынан 1 адам көз жұмды

Новости партнеров