Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталды
elements.envato.com
Шенеуініктер өз өкілеттігін асыра пайдаланған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Шенеуініктер өз өкілеттігін асыра пайдаланған.
«Тергеу кезінде 2021 жылы Тараз қаласының жер комиссиясы қала тұрғынының шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер учаскесін жалпы ауданы 3,56 га болатын ғимараттар мен құрылыстар салуға арналған басқа 2 жер учаскесіне өтеусіз ауыстыруға шешім шығарғаны анықталды», – делінген хабарламада.
Жер учаскелерін негізсіз ауыстыру салдарынан мемлекетке 159 млн теңге көлемінде шығын келді. Сот санкциясымен Тараз қаласы жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы және бұрынғы сектор меңгерушісі қамауға алынды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34