Құнды жәдігер: Семей тұрғынынан сақ дәуірінің әшекей бұйымдары тәркіленді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҚР ҚК 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейін тергеп-тексеру жүргізілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті сақ дәуірінің зергерлік бұйымдарын заңсыз айналымда ұстаған адамды қамады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады. 

Тінту барысында аң стилінде орындалған сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 грамм 4 алтын әшекей тәркіленді.

- Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейін тергеп-тексеріліп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сай өзге ақпараттар жарияланбайды.

Оқи отырыңыз: Елордалық ғалымдар "супер асфальт" ойлап тапты

Новости партнеров