|
05.12.2022 | 10:59
678

Спорт министрлігі сотта сурдлимпиада чемпионы Еркебұлан Қанафиннен жеңіліп қалды

Министрлік өкілдері Еркебұлан Қанафиннің медалін мойындамайтынын ресми түрде мәлімдеген болатын

Спорт министрлігі сотта сурдлимпиада чемпионы Еркебұлан Қанафиннен жеңіліп қалды halyq-uni.kz

Мәдениет және спорт министрлігі Сурдлимпиада чемпионы Еркебұлан Қанафиннің шағымы бойынша сотта жеңіліс тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

30 қарашада Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен 2022 жылғы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы Еркебұлан Қанафин арасында іс жүргізу бойынша шешім шығарды, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитеті.

Сот ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 151-152, 154-155 баптарын басшылыққа ала отырып, Судрлимпиада ойындарының алтын медалін алған Қанафинге ақшалай сыйақы төлеуден бас тарту туралы шешімді заңсыз деп таныды.

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі" мемлекеттік мекемесінің Қанафин Еркебұлан Қайратұлына ақшалай сыйақы төлеуден бас тарту жөніндегі әрекеті заңсыз деп танылсын. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі" мемлекеттік мекемесі Еркебұлан Қанафинге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы қаулысымен белгіленген мөлшерде ақшалай сыйақы төлесін", – делінген мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімінде.

Еркебұлан Қанафин сурдо дзюдодан 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Ұлттық құрамаға алғашқы алтынды әкелді. Дегенмен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің түсініктемесімен оның жетістігі жоққа шығарылды.

Министрлік "Еркебұлан Қанафин есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ресми жарыстарға қатыспайды, ұлттық құраманың мүшесі емес, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт ұйымдарына тіркелмеген" деп хабарлады.

Артынша министрлік өкілдері Еркебұлан Қанафиннің медалін мойындамайтынын ресми түрде мәлімдеді.

Еркебұлан Қанафин елордалық соттың шешіміне пікір білдірді. Ол заң саласында өз беделін қорғауды жалғастыратынын мәлімдеді.

"Мен Олимпиада жүлдесін алу үшін өте қиын жолдан өттім, бірақ жеңісімнен кейін мені ең қиын сынақ күтіп тұрғанын ойламаппын. Министрлік мен түсінбейтін себептермен мен туралы, денсаулығым туралы, сондай-ақ саңыраулар арағыснадғы ойындардағы жеңісім туралы жалған ақпарат таратты. Қорғаушым Абылайхан Нұртаевқа мәселемді БАҚ-тан оқып, менің мүддемді толығымен тегін қорғағысы келетінін білдіргеніне рахмет айтамын", – деді спортшы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир