Павлодарда танысымен көңіл көтерген тұрғын жанжал салдарынан оның басын жарып өлтірген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар қаласы №2 сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылдың 21 қарашасында көлікжайда алкогольдік ішімдік ішіп отырған екі павлодарлықтың арасында жанжал болған. Сөзге келіп қалған екеуінің біреуі бөтелкелесінің басынан металдан жасалған газ кілтімен бірнеше соққы жасаған.
Жәбірленуші ашық бас-сүйек жарақаты салдарынан ауруханада көз жұмды.
«Прокурор қылмыскерді кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, танысын қасақана өлтірмегенін айтып ақталды», – деді баспасөз қызметінде.
Сот Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі бойынша және мән-жайларды ескере отырып, айыпталушыға 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі мекемеде өтеу туралы үкім шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.