|
06.03.2024 | 10:02
300

Жалған ақша жасаушылар​ қолға түсті

Топқа қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шарасы жалғасуда

Жалған ақша жасаушылар​ қолға түсті elements.envato.com

Жалған шетел валютасын өткізбек болған азаматтың заңсыз әрекетін ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті әшкерледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.

Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 84 200 АҚШ доллары мөлшерінде жалған ақша қаражатын өткізу кезінде бір топ тұлға анықталды.

Күдікті екі адам ұсталды және оларға қатысты соттың санкциясымен 2 ай мерзімге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Бұған дейін, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ҰҚК Қырғызстан мен Қазақстан аумағында номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған банкноттарды өткізген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін анықтап, жолын кескені хабарланған болатын. 

Сонымен қатар, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ҰҚК жалған долларларды өткізу күдігі бойынша Қазақстан Республикасының азаматын ұстады, ол өз кезегінде Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен тергеліп жатқан қылмыстық істің мән-жайларына қатысы бар.

Қазіргі таңда осы топқа қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Оқи отырыңыз: Пара алған шымкенттік шенеунік сот залында неге жылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир