Астанада қаржы пирамидасын құрған азамат 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Almaty.tv.
Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан ақпарға сай, бұл компания 2020 жылдан бері жұмыс істеп келген. Криптовалюта биржаларымен ынтымақтасатын мекеменің атын жамылып, халықтан қаражат жинап отырған. Салымшылардың санын көбейту мақсатында көбін ойдан шығарылған жобаларға инвестиция салуға итермелепті. Тіпті жалған ісіне сендіру үшін клиенттерге ID арқылы жеке кабинет ұсыныпты. Ол үшін арнайы сайт та жасалған екен.
– Азаматтардан жиналған қаражат 215 миллион теңгені құрады. Сот үкімімен Sincere Systems ЖШС басшысы 5 жылға инвестициялық қызметпен айналысуға тыйым салынып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Егер сіз және сіздің жақындарыңыз жосықсыз осындай кәсіпкерлердің әрекетіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша эконоикалық тергеу департаментіне немесе агенттіктің колл орталығына хабарласыңыз, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Кәсіпкерді қолдау: Алматыда 50-ге жуық заңсыз тексерудің жолын кесілді