Қаражон тұрғыны қызғаныштан үш баланың анасын атып тастады

© AFP 2022 / KAREN BLEIER
© AFP 2022 / KAREN BLEIER
Айыпталушы тергеу кезінде және сотта сүйіктісін өлтіруге ойы болмағанын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты үш баланың анасын өлтірген ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Сот материалдарына сәйкес, Сауран ауданының Қаражон ауылының тұрғындары - 41 жастағы ер адам мен 34 жастағы әйел бірге тұрған. Бірақ некені ресми түрде тіркеген жоқ. Келіншек бұрынғы күйеуінен үш бала туған.

Үшеуін де өзімен бірге алып кетті. Бір күні жаңадан қосылған серігі оны бұрынғы күйеуінен қызғанып, жанжал шығарған. Ашуға булыққан ер адам 16-калибрлік мылтығын алып шығып, әйелдің басынан атқан. Үш баланың анасы сол жерде көз жұмды.

Айыпталушы тергеу кезінде және сотта сүйіктісін өлтіруге ойы болмағанын қайта-қайта айтты. Ал мылтықпен тек қорқытамын деп ойлаған. Дегенмен, кәмелет жасқа толмаған үш бала анасыз қалды. Біреуі екі жаста болса, тағы екеуі 15 және 16-ға толды.

Соттың үкімімен Қаражон ауылының тұрғыны 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол өз жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Новости партнеров