Ұзынағашта атыс болып, бір адам көз жұмды
Tengrinews.kz
Алдын ала анықталғандай, атыс жергілікті тұрғындар арасында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысындағы Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағашта атыс болып, 3 адам ауруханаға түсті. Олардың бірі қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«4 тамыз күні сағат 16:20-да Ұзынағаш ауруханасына оқ тиген үш адам түсті. Оның біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмды. Полиция бірден мән-жайды анықтап, аталған қылмысқа қатысы бар адамдарды іздеуге кірісті», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Алдын ала мәлімет бойынша, жергілікті тұрғындар арасында кикілжің болғаны анықталды. Қазіргі уақытта жанжалға қатысы бар адамдар толығымен анықталып, оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүріп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
09.09.2026 18:50
Ауырмаудың жолын іздеңіз: иммунитетті қалай күшейтуге болады
09.09.2026 21:40
Алматыда 7-13 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
09.09.2026 09:14
10 қыркүйекке арналған валюта бағамы
10.09.2026 09:16
9 қыркүйекке арналған валюта бағамы
09.09.2026 09:00