Өскеменде екі оқушы пышақ жарақатын алды

elements.envato.com
elements.envato.com
Полиция мектеп директорына қатысты тексеруді бастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өскемен қаласында екі оқушы пышақ жарақатын алған мектептің директорына қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Еске салсақ, қаладағы орта мектептердің бірінде ерегесіп қалған екі оқушының бірі қалтасынан жиналмалы пышақ алып, қарсыласына сұғып жіберген. Ол өзіне де абайсызда дене жарақатын келтірген еді.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі ауруханаға жатқызылған жасөспірімдердің жағдайы қалыпты екендігін мәлімдеген.

Өскемен қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, қазіргі уақытта мектеп директорына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.

- Аталған факті бойынша білім бөлімі қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Мектеп әкімшілігі тәртіптік жазаға тартылды. Ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы тұрақты бақылауда. Мектеп директорына қатысты қызметтік тексеру тағайындалған. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады, - делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Қымыз іштім: Шымкентте мас жүргізуші бағдаршамды құлатты

Новости партнеров