9 желтоқсанда Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек Ішкі істер министрлігі тағы 27 есірткі мен прекурсорларды мемлекеттік бақылауға енгізу туралы үкімет қаулысының жобасын әзірлегенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Шұғыла Тұрлыбек есірткінің тізбесіне тағы 14 есірткі және 13 прекурсор атауы – оларды өндіруге қолданылатын заттар енгізілетінін айтты.
"Нашақорлықпен күресу үшін психотроптық заттардың тізбесі нашақорлар эйфория әсерін алу үшін қолданатын және жалпы нашақорлықтың қалыптасуына ықпал ететін психотропты анальгетик трамадолмен толықтырылды. 0,1 грамм - шағын өлшем, 10 граммға дейін - үлкен өлшем, 10 граммнан - өте үлкен өлшем", - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Оның айтуынша, үкімет қаулысының күшіне енуімен трамадол тек рецепт бойынша және есірткі құралдары мен психотроптық заттардың айналымына лицензиясы бар дәріханалар мен емдеу-алдын алу ұйымдарында ғана беріледі.
Үкімет қаулысының жобасы Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланған.