Ақшадан қысылған астаналық тұрғын жалдамалы пәтердегі мүлікті сатып жіберген

polisia.kz
polisia.kz
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астаналық тұрғын жалдамалы пәтерден теледидар ұрлап кеткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Есіл аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны арыз беріп, шағымданған. Жәбірленушінің айтуынша азаматша танымайтын біреуге өзінің пәтерін жалға берген. Белгісіз азамат жалдамалы пәтерде бір күн тұрған. Үй иесі тәулік өткен соң жалдап алушыны шығарып, пәтерінің кілтін алмақшы болғанда ол үйде болмаған. 

Сондай-ақ күдікті азамат бөлмеден кетерінде "Samsung Smart TV" телевизорын алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құраған. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 22 жастағы азамат анықталып, ұсталған. Өз кінәсін мойындаған азамат ұрлаған олжасын ломбардқа өткізіп жібергені белгілі болды. 

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында айғақты зат тәркіленіп алынды.

Оқи отырыңыз: Астанада бір түнде 50 мың текше метр қар шығарылды

Новости партнеров