|
01.10.2020 | 13:12
5066

Алматыда азаматтарды ірі көлемдегі сомаға алдап кеткен ер адам ұсталды

Бүгінде келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен бір миллион долларды құрайды

Алматыда азаматтарды ірі көлемдегі сомаға алдап кеткен ер адам ұсталды Polisia.kz

Алматыда азаматтарды ірі көлемдегі сомаға алдап кеткен адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 жастағы ер адам кепілге қойылған жылжымалы және жылжымайтын мүлікке арналған банк саудасына қатысуды сылтауратып, туыстары мен достарынан ірі көлемде ақша алып, алдап кеткен.

«Күдікті И. есімді азаматтың өзінің банктермен байланысы болмаған, бірақ кепілдікке қойылған мүлік аукционының жүйесін білген. Ол өзінің құрбандарын үйді немесе көлікті тиімді түрде нарықтық бағадан едәуір төмен бағамен сатып алуға болатынына сендірді. Әрине, бұл үшін қаражат қажет болды. Кейбір әлеуетті клиенттер бірден бірнеше мүлік нысандарын алуға үмітті. Мысалы, жәбірленушілердің бірі оған 182 миллион теңгесін берсе, екінші адам 386 мың АҚШ долларын оның қолына сеніп тапсырған», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық Полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Бүгінде келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен бір миллион долларды құрайды.

«Әрине, ол ешқандай міндеттемені орындауды көздеген жоқ. Ол ақшаны оңай жұмсады: өзіне екі пәтер, жаңа көлік сатып алып, шетелге шығып үлгерген, жалпы алғанда, ол, өз жағдайын жасап алды. Бірақ ұзақ емес. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі  (Ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша күдікті. Осы адамның қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар, бізге мына телефондар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: 8-701-666-69-54, 8-707-834-83-33 немесе 102», – деді полковник Іңкәров.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир