Павлодарда жасырын есірткі әзірлейтін зертхана анықталды

Сурет: ҚР ҰҚК
Сурет: ҚР ҰҚК
Тәркіленген заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР ҰҚК-нің Павлодар облысы бойынша департаменті жедел-іздестіру шаралары барысында «гидропоника» әдісін қолданып есірткі өсімдіктерін заңсыз өсірумен айналысқан павлодарлықты ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz.-ке сілтеме жасап.

«Атап айтқанда, 2020 жылдың 25 мамырында жалға алынған гаражда тиісті құрал-жабдықтармен жабдықталған есірткі зертханасында қолдан өсірілген «голланд» және «мексика»сорттарының 28 элиталық қарасора түбі табылды (нарықтық құны шамамен 14 млн теңге), сондай-ақ сатуға дайындалған дәрілік заттар да шықты», – дейді ведомствадағылар.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі, яғни «Есірткі, психотроптық заттарды, олардың баламасын сату немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізілімге тіркелді.

Тәркіленген заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Новости партнеров