Елордада бойжеткен үшін төбелесіп, оқ атқан жігіттер ұсталды
inform.kz
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Нұр-Сұлтанда қыз үшін атысқан жігіттерге қатысты іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Естеріңізге салайық, елордада жексенбіге қараған түні жас жігіттер бойжеткен үшін төбелесіп, бір-біріне оқ атқан. Түн ортасындағы атыс туралы алдымен қала тұрғыны фейсбук парақшасында жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«24 қаңтарда 102 пультіне түнгі сағат 1:09 шамасында 19 және 23 жастағы екі ер адам жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілгені туралы мәлімет келіп түсті. Бұрынғы таныстар арасында қыз үшін қару қолдану арқылы төбелестің болғаны анықталды. Барлық қатысушылары ұсталып, Байқоңыр ауданының полиция басқармасына жеткізілді», – деді қалалық ПД ресми өкілі Эльмира Шәуленова.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33