Павлодар қаласының экс-әкімі тұтқындалды

pavlodarnews.kz
pavlodarnews.kz
Оған жемқорлық фактісі бойынша айып тағылып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов тұтқындалды. Оған жемқорлық фактісі бойынша айып тағылып отыр деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдиновке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша қылмыстық істі тергеуде. 

Ол пайдалану үшін белгіленген талапқа сәйкес келмейтін нысанды облыстық бюджет қаражаты есебінен 240 миллион теңге мөлшеріндегі қаражатқа заңсыз сатып алған деген күдікке ілініп отыр. 

Экс-шенеунікке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр. 

Айта кетейік, Оразгелді Қайыргелдинов Павлодар қаласында 2011-2014 жылдары басшылық еткен. Одан кейін бұл лауазымға Болат Бақауов келді. Кейін Қайыргелдинов облыс әкімі аппаратының коммуналдық кәсіпорнын басқарды, ал екі жылдан кейін аудан әкімі қызметін атқарды. 2019 жылғы желтоқсанда ол жұмыстан шықты, ал осы жылдың қаңтарында ауыл шаруашылығы жұмысшыларының аймақтық салалық кәсіподағы басшысының орынбасары болды.  

Новости партнеров