Түркістан облысында күйеуін пышақтап, денесін бөлшектеген әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағымен, 190-бабы 1-бөлігімен сотқа берілген М.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
2023 жылы 10 тамызда сотталушы М. Сарыағаш ауданында өзінің тұрғын үйінің асхана бөлмесінде заңды некедегі жұбайы жәбірленуші А.-мен қарбыз жеп отырып, жұбайының әлеуметтік желісіне кіріп жүргеніе қарсылық білдірген. Жанжал кезінде шыдай алмаған сотталушы М.-ның ойына адам өлтіру қылмыстық ниеті пайда болып, жәбірленуші М.-ның мойын тұсына бір рет пышақ сұққан, әрі қарай аса қатігездікпен пышақты іш тұсына бірнеше рет сұққан.
Кейін қылмысын жасыру үшін көршісінің үйінен дыбыс шығаратын колонканы алдырып, үйінің алдына ән қосып, жәбірленуші А.-ның денелерін бірнеше бөлікке бөлшектеп, оларды бөшкеге салған. Қылмыстық құқық бұзушылығын жасыру мақсатында бірнеше таныстарына өтініш айтып, солардың автокөліктерімен тасып, Келес өзеніне ағызып жіберіп, сол жерден бой тасалаған.
Сот үкімімен сотталушы М.-ға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағымен, 190-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған түпкілікті 15 (он бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушы азаматшаның заңды некеден 15.11.2010ж.т. Ә., 15.07.2012 ж.т. балалары қамқоршылыққа берілді.
Оқи отырыңыз: Жасөспірімді құтқарған полиция қызметкері жарақат алды (видео)