Қызылорда тұрғынынан 26 киіктің еті тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
17 ақпан Қызылорда облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері және Арал аудандық полиция басқармасы мен "Охотзоопром ӨБ" кәсіпорнының бірлескен жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде 37 жастағы аудан тұрғынының үй ауласындағы қорасынан 26 киіктің денесі табылды.
Бұл дерекке қатысты қылмыстық кодекстің 339-бабы 2-бөлігі "Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау" бойынша сотқа дейінгі тергеп–тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Сараптамалар жасалады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.