Жетісу облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен 15 жастағы қыздың денесі табылды

pixabay/soumen82hazra
pixabay/soumen82hazra
Оны өлтірген ер адам ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу облысында полицейлер кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлап, артынан өлтірген ер адамды ұстады, деп хабарлады Almaty.tv облыстың Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 шілдеде Панфилов ауданында 15 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кеткен. Оқушының туыстары полицияға арызданады, бірақ іздеу жұмыстары нәтиже бермейді. Жоғалып кеткен қыздың суреті мен ол туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланады.

29 шілдеде полицейлер кәмелеттік жасқа толмаған қыздың денесі табылғанын және оны өлтірді деген күдікке ілінген ер адамның ұсталғанын хабарлады.

"Жергілікті тұрғын қызды зорлағанын, одан кейін істегенінен қорқып оны өлтіргенін мойындады. Күдіктінің айтқандарын тексеру барысында елді мекендердің бірінің сыртынан қыздың денесі қазып алынды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Новости партнеров