|
29.07.2022 | 13:47
6457

Қостанайда субсидия қаражатын жымқырғандар сотталды

Мемлекеттік ұйымдарда лауазымды қызмет атқара алмайды

Қостанайда субсидия қаражатын жымқырғандар сотталды inform.kz

Қостанайда субсидия қаражатын жымқырғандар 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар ауыл шаруашылығына мемлекеттен берілетін ақшаны өздері алып отырған. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, кінәлілер 6 жылға дейін коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда лауазымды қызмет атқара алмайды. Сондай-ақ алдағы 5 жылын темір тордың ар жағында өткізбек.

«Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында іс жүзінде Ауыл шаруашылығы тауар өнімдері дерегіне сай, «Агропромтрейд» ЖШС-дан картоп тұқымын ешқашан сатып алмағаны және өсірумен айналыспағаны анықталды. Сонымен қатар  жұмыс істемейтін шаруашылықтар тіркелген, ал шаруа қожалықтары тек бидай жинаумен айналысқан», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир