|
29.05.2020 | 13:51
1302

Алматыда ақша айырбастау пунктінің менеджері ретінде тұрғындарды алдаған адам ұсталды

Оның зардап шегушілерге келтірген материалдық шығыны 40 миллион теңгеден асқан

Алматыда ақша айырбастау пунктінің менеджері ретінде тұрғындарды алдаған адам ұсталды

Екі жылдан астам уақыт бойы 39 жастағы ер адам Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеу органдарынан жалған құжаттармен жасырынып жүрген, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Алматыда бірнеше тұрғын ұзақ уақыт бойы ерекше жолмен алдап келген ірі алаяқтың құрбаны болды. Күдікті 1981 жылы туған П. есімді ер адам. Алматы қаласының тұрғыны. Ол ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де шұғыл түрде ауқымды биржалық операциялар  жасауды қажет еткен адамдарды ғаламтор арқылы іздестіріп отырған. Күдікті өзінің арам ниетін жүзеге асыру үшін валюта айырбастау операцияларына қатысты тиімді әдістер туралы жарнамалар жасайды. Келіссөздер аяқталғаннан кейін, ол клиенттермен кездесуді  тек жалға алған бөлмелерде ғана өткізеді. Содан соң қолма-қол ақшаны алып, оның дұрыстығын тексеріп келемін деп артқы бөлмеге кіріп, содан кейін төтенше есіктер арқылы қашып отырған.  Ол өзін клиенттерге әр түрлі атпен таныстырып отырған және ол үшін жеке куәліктер дайындап қойған», – дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов. 

Күдікті қазір қамауға алынды. Ол Алмалы ауданының аумағында осыған ұқсас төрт қылмыс жасаған. Оның зардап шегушілерге келтірген материалдық шығыны 40 миллион теңгеден асқан. Аудандық ПБ тергеу бөлімі оның қаладағы қылмыстарға қатысы барын анықтап жатыр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері, күдіктіні таныған тұрғындарға келесі нөмірлер арқылы хабарлауға шақырады: 254-46-01; 254-46-08; 254-46-12; 8-775-106-18-84 және 8-708-707-92-02.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир