Павлодарда бейтаныс адам қыз баланың басынан кірпішпен ұрып, қашып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күдіктінің әрекеті де, бет-әлпеті де сол маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда бойжеткеннің үйге кіріп бара жатқан сәтте ер адамның артынан келіп тап беріп, ауыр затпен бірнеше рет төмпештегені анық көрінеді. Артынша ол жерден бой тасалаған. Оқиға осыдан 3 күн бұрын шамамен түнгі сағат 01:00-де болған. 20 жастағы қыз болған жайтты құзырлы органға күні кеше ғана хабарлапты. Қазір полиция шабуыл жасаған адамды іздеп жатыр.
«Аталған фактіге сәйкес «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот медициналық сараптама тағайындалды. Аталған азаматтың жеке басын анықтау бойынша жедел іздестіру іс шаралары жүргізіліп жатыр», – деді Қалалық Пб тергеушісі Диас Байсал.