|
24.08.2022 | 14:18
1931

Еуропаны соңғы 500 жылда болмаған қуаңшылық басты

Швейцария мен Францияның шекарасындағы Брене көлі құрғақшылықтың кесірінен тартылып қалған

Еуропаны соңғы 500 жылда болмаған қуаңшылық басты Фото: Anthony Anex/Keystone via AP

Еуропаны соңғы 500 жылда болмаған қуаңшылық басты. Швейцария мен Францияның шекарасындағы Брене көлі құрғақшылықтың кесірінен тартылып қалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бұл су қоймасы осыдан 12 мың жыл бұрын пайда болған және тереңдігі 18 метрге жететін еді», – деді мамандар.

Осы жазда көл толық құрғап кеткен. Ғалымдар бұл жағдайға алаңдап, қазір зерттеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Өйткені батыс елдерінің кейбір аймақтарында ауыз су жетіспей, егіс алқаптары құрғап жатыр. Ал өзендердегі су деңгейінің төмендеуінен балықтар өліп, жолаушы мен жүк тасымалдайтын кемелердің қозғалысы тоқтаған. Ең сорақысы, қатты ыстық салдарынан 700 мың гектарға жуық орман өртке ораныпты. Бұл жылдық орташа есептен 4 есе көп.

«Еуропаның бірқатар аймағында егін алқаптарына мониторинг жүргіздік. Осы жаздың ыстық әрі құрғақ болуына байланысты дәнді-дақылдардың өнімділігі төмендеген. Еуропалық комиссия ғалымдарының пікірінше, Жерорта теңізінің батыс бөлігінде ауа райы қарашаға дейін де жылы және құрғақ болмақ», – деді Еуропалық комиссияның ресми өкілі Йоханнес Барке.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир