Ақтөбеде адам өлтірді деген күдікпен 9 азамат ұсталды

egemen.kz
egemen.kz
Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінгендерге қатысты қазір тергеу басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде екі адамды өлтірді деген күдікпен 9 азамат ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың алтауы облыс орталығынан 400 шақырым жерде бой тасалаған. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінгендерге қатысты қазір тергеу басталды. Айта кетейік, 26 қазанда Елек өзенінің жағасынан екі адамның денесі табылған еді. 1991 және 1995 жылы туған азаматтардың денесінде қинап өлтіргенін растайтын белгі анықталған.

«Бұған дейін полиция аса ауыр қылмыс жасады деген 3 күдіктіні ұстаған болатын. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 2-бөлігі, 1-тармағымен кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Сұлтанов.  

Новости партнеров