Шолақайда айуандықпен өлтірілген қыз: Күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Шолақайда айуандықпен өлтірілген қыз: Күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Күдікті қылмысын жасыру үшін қызды өртеп, көміп тастаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу облысы Шолақай ауылындағы жантүршігерлік оқиғаға қатысы бар делінген күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Оған «Адам өлтіру», «кәмелетке толмаған баланы зорлау» және «кәмелет жасына толмаған баланы өлтіру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, осыдан 10 күн бұрын із-түссіз жоғалған 15 жасар қыздың мәйіті жақын күндері ғана табылған еді. Оқиғаға 38 жастағы ауыл тұрғынының қатысы болуы мүмкін. Болжамға сүйенсек, ол жасөспірімді зорлап өлтіріп, кейін қылмысын жасыру үшін қызды өртеп, көміп тастаған. Ол бұған дейін де істі болған, кейін жақсы тәртібі үшін уақытынан бұрын бостандыққа шығыпты. Қазір күдікті қамауда. Ал елді-мекенге жағдай ушығып кетпес үшін күштік  құрылымдар тартылды.

«Полиция тарапынан тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмысын мойындаған күдіктіге заң аясында қатаң жаза қолданылатын болады. Ал, жекелеген әлеуметтік желілерде қыз баланы ұлты басқа бірнеше азамат зорлап өлтірген деген ақпарат шындыққа жанаспайды», – деді Жетісу облысы әкімінің баспасөз хатшысы Думан Алтынбекұлы.

Новости партнеров