|
07.03.2024 | 13:13
242

Қарағанды облысында шаруа қожалық иесін сан соқтырған алаяқ ұсталды

Оңай олжа табуды көздеген ол 12 миллион теңге шығын келтірген

Қарағанды облысында шаруа қожалық иесін сан соқтырған алаяқ ұсталды Almaty.tv

Қарағанды облысында шаруа қожалық иесін сан соқтырған алаяқ ұсталды. Көтерме бағамен мал сатамын деп 40 жылқыны алып, ұшты-күйлі жоғалған азамат жарты жылдан соң Астана қаласында қолға түскен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол Шет ауданындағы қожалық иесін сендіріп, тұяқты жануарды саудалап болған соң, ақшасын беремін деп көндірген. Оңай олжа табуды көздеген алаяқ 12 миллион теңге шығын келтірген.

– Белгісіз адам Шет ауданындағы қожалықты алдап, қолма-қол ақша жоқтығын айтып, мал сатқан соң қаржысын беремін деген.  Шет аудандық полиция бөліміне 60 жастағы шаруа қожалықтың иесі шағымданды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жұмыстар барысында іске қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы Астана қаласының тұрғыны ұсталды. Тексеру басталды. Тұрғындардан сату, сатып алу болғанда қолма-қол ақшаға алуын, сақ болуын сұраймыз, – деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Оқи отырыңыз: Байланыс аясынан тыс ауыл: тұрғындар қоңырау шалу үшін көрші ауылға баруға мәжбүр






Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир