|
07.03.2024 | 13:28
214

Жамбыл облысында заңсыз темекі өнімі тәркіленді

Фактіге қатысты 23 кәсіпкер тергеліп жатыр

Жамбыл облысында заңсыз темекі өнімі тәркіленді Almaty.tv

Жамбыл облысында заңсыз темекі тасымалы өршіп тұр. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті биыл 6 дерек анықтаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жалпы 5 млрд теңгенің табак өнімі тәркіленіпті. Құзырлылар «бұл рекордтық көрсеткіш» дейді. Көлеңкелі істі кәсіп еткендер акцизделетін өнімді көрші қырғыз елінен тасымалдап отырған. Олар шылыммен қоса 350 млн теңгеге вейп тауарларын да алдырған. Заңсыз тауарды еліміз бойынша саудаламақ болған. Департамент жалпы 6,5 миллион қорап темекі мен 174 мың дана электронды шылымды айналымнан алып, көзін жойды.

– Қазір фактіге қатысты 23 кәсіпкер тергеліп жатыр. Тәркіленген тауарлардың 70 пайыздан астамы теміржол арқылы тасымалданған. Мұны шекара қызметі мен экономикалық тергеп-тексеру департаменті бірлесе отырып, анықтады. Заңсыз тауардың тағы бір бөлігін жүк көліктерінен таптық, – деді Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Жағыпар Исатаев.

Оқи отырыңыз: Қарағандылық азамат заңсыз темекі өнімін сатқан


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир