Алматыда интернет-алаяқтардың 4 call-орталығы жойылды. Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы күрес мамандары 47 шетел және Қазақстанның 5 азаматын ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар сырт мемлекеттерге, соның ішінде Иран, Үндістан, Қытай, АҚШ және Малайзия азаматтарына қоңырау шалып, оларға «жоқ» инвестициялық мәмілелер жасауды ұсынған. Алаяқтардың 2 мыңнан астам қоңырау шалғаны анықталды.
– Тінту барысында 1,5 мыңнан астам телефон, 57 ноутбук пен компьютер, мыңнан астам sim-карта тәркіленді. Қазіргі уақытта ұсталғандардың қазақстандықтарға қатысты интернет-алаяқтық жасауға қатысы бар-жоғы тексеріліп, тергеу амалдары жалғасып жатыр, – деді ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешов.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында тұрғыннан марихуана табылды