Түркістан облысында тұрғыннан марихуана табылды
polisia.kz
Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркістан облысында тұрғыннан марихуана табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде құрамында есірткі заты бар өсімдікті сақтау дерегі бойынша күдіктіні ұстады.
Полиция Жетісай ауданы тұрғынының ауласын тінту кезінде қағазға оралған және 5 дана полиэтилен пакетке салынған хош иісті затты тауып, тәркіледі.
Табылған зат шамамен 500 грамнан астам марихуана екені расталды. Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Шымкентте жүріп бара жатқан көлік өртеніп кетті
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
26.10.2026 09:15
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
26.10.2026 17:15
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31