Kausar Travel компаниясының директоры ұсталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Полиция өкілдерінің айтуынша, зардап шеккендердің саны әлі де артуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қажылыққа жолдама беріп, кейіннен із-түссіз кеткен Kausar Travel компаниясының директоры ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жүргізілген жедел іс-шаралардың негізінде Медеу аудандық полиция басқармасы азаматты жалдамалы пәтерлердің бірінен тапқан. Қазір күдікті сот шешімімен қамауға алынды. Айта кетейік, бұған дейін телеарнамыздың жаңалықтарынан қасиетті сапарға барамын деп сан соғып қалған 181 адамның шағымын жеткізген едік. Полиция өкілдерінің айтуынша, зардап шеккендердің саны әлі де артуы мүмкін. Ал аталған іске қатысты қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Медеу аудандық полиция басқармасы мәлімдегендей, М есімді күдікті азамат қолға түсті. Негізі Медеу АПБ-ға жәбірленушілер 26 қаңтар күні арыз түсірген. Ұсталған азамат қалалық полиция қызметкері тергеу амалдарын жүргізу үшін Шымкентке жеткізілген болатын. Қазіргі таңда Алматыда тіркелген дерекке қатысты алаяқтық,  яғни, ҚК-ның 196-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді  Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Новости партнеров