Биыл онлайн алаяқтар қазақстандықтардан 15 миллиард теңге жымқырған

kaz.tengrinews.kz
kaz.tengrinews.kz
Соңғы жарты жылда 6 мыңға жуық іс тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл онлайн алаяқтар қазақстандықтардан 15 миллиард теңге жымқырған. Бүгінде 17 мың 500 киберқылмыс тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.

ІІМ ақпарына сай, оңай олжаға кенелгісі келетіндер онлайн сауда арқылы адамдарды сан соқтырады екен. Алдаудың мұндай түрі алаяқтардың ең танымал әдісі болып саналады. Соңғы жарты жылда 6 мыңға жуық іс тіркелген.

«Алаяқтар адамдарды алдау үшін түрлі тәсілдерді қолданады. Мәселен, тиімді шарттармен онлайн несие рәсімдеу бойынша 2 мың 800 іс тіркелді. 1 мың 400 адам инвестиция салу, түрлі жобаларға ақша құю секілді жолмен алданған. Жіберілген жалған сілтеме арқылы да адамдар ақшасынан айырылып жатыр. Қылмыскерлер сол сілтемені ашқан азаматтардың жеке кабинетіне кіріп, қаржысын жымқырады», – деді ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев.

Новости партнеров