|
21.12.2020 | 14:24
4055

Шымкентте 70 жастағы зейнеткерді зорламақ болған күдікті ұсталды

Ол 35 жастағы Шымкент қаласының жергілікті тұрғыны екен

Шымкентте 70 жастағы зейнеткерді зорламақ болған күдікті ұсталды lenta.inform.kz

Шымкентте 70 жастағы зейнеткерді зорламақ болған күдікті ақыры қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі осылай деп мәлімдеді. Ол 35 жастағы  Шымкент қаласының жергілікті тұрғыны екен. Сондай-ақ, айуандық әрекетінен кейін бірнеше күн қашып жүрген  күдікті зардап шеккен әжейдің қалтасынан 8000 теңгені қолды қылып кеткен. Ол өз кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда Шымкент қалалық уақытша ұстау абақтысына қамалды. 

«Аталған жәйттар бойынша қылмыстық кодекстің 191-бабының 2-бөлігімен және 120-бабының 1-бөлігінде көзделген  тонау және зорлауға оқталу бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық әрекеттері дәлелденетін болса,  күдікті 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз

Естеріңізге сала кетейік, күдікті желтосқанның 17-сі күні түнгі 11-лер шамасында Шымкенттегі көпқабаты үйлердің кіреберісінде 70 жастағы азаматшаны зорламақ болған еді. Онымен қоса, қарсылық танытқан егде жастағы әйелге бірнеше рет соққы да жасаған. Бірақ біреу үркітсе керек, арам пиғылын іске асырып үлгермей, қаша жөнелген. Бұл әрекеттерінің барлығы сол маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалып, әлеуметтік желіде желдей ескен тұғын. Шымкент қалалық Полиция департаментіндегілер 1985 жылы дүниеге келген күдіктінің бұған дейін бірнеше баппен, соның ішінде зорлау фактісімен де істі болғанын мәлімдеген болатын. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир