Маңғыстауда 120 келіден асатын бекіре балығы тәркіленді

Polisia.kz
Polisia.kz
Полицейлер 26 жастағы күдіктіні ұстады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстауда 120 келіден асатын бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Браконьер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында биыл 10 наурызда Маңғыстау облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ақтау-Форт-Шевченко тасжолының 29-шы шақырымында табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп Lada 2112 маркалы күдікті автокөлікті тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында жүксалғышта жалпы салмағы 124 келі болатын 33 дана заңсыз ауланған бекіре балығы табылып, тәркіленді», – делінген хабарламада.

Полицейлер 26 жастағы күдіктіні ұстады. Тәркіленген балық Kazakh Osetr ЖШС-не тапсырылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Бұл дерек ҚР ҚК 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша Түпқараған ауданы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Новости партнеров