Бетперде киген үш адам жанармай бекетінде қарақшылық шабуыл жасады

Polisia.kz
Polisia.kz
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде осы қылмысты жасаған екі ер адам ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Алматыда жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған үшінші күдіктіге іздеу жарияланды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Есте болса, 12 тамыз күні тәртіп сақшыларына медициналық бетперде киген үш адамның жанармай бекетіне шабуыл жасағаны туралы хабарлама түскен. Белгілі болғандай, қарақшылардың бірі ғимарат ішінде тапанша қолданамын деп қорқытып, 52 мың теңге қаражатты иемденеді. Ал осы мезетте оның екі сыбайласы торуылдап жүрген екен. Олардың бірге қашып шыққан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жедел-іздестіру шарасының арқасында осы қылмысты жасаған екі ер адам ұсталды. Олар Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. Біреуі бұрын сотталғаны белгілі болды. Қос ұсталған азамат қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторны қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігі, қарақшылық жасағаны үшін сотқа дейін тергеу жүргізіліп жатыр.


Новости партнеров