Қазақстанға шетелге заңсыз шығарылған 670 млрд теңге қайтарылды

Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz
Тәркіленген 100 млрд теңге қараша айында мектеп салуға жұмсалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жобасы жүргізіліп жатыр. Шетелден Қазақстанға 670 млрд теңге қайтарылған. Мәжілісмендердің мәліметінше, бүгінге дейін шамамен 140-160 млрд доллар шетке кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бармақ басты, көз қысты әрекеттің тиылмауы – ақшаның өзге елдің қазынасын толтыруының басты себебі» дейді депутаттар. Халық қалаулылары бұған дейін елден заңсыз шығарылған қаражатты қайтаруға қатысты берілген тапсырмалар орындалмай жатқанын айтып, құзырлы органдардан ақпарат жариялауды талап еткен болатын. Бастамаға қатысты бүгін Мәжіліс қабырғасында Қаржы министрі пікір білдірді. Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жобасы бойынша қазір Бас прокуратура деректерді жариялауды қолға алған. Құзырлы орган мәліметінше, өткен күзде сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген 100 млрд теңге қараша айында мектеп салуға жұмсалатын болады.

«Біріншіден, бұл ақпаратты Бас прокуратура беріп отырады. Ақпаратты ресми хабарлап отыратын бір орган болуы керек қой. Бас прокуратура дерегі бойынша, қазіргі күні 670 млрд теңге елге қайтарылған», – деді ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Новости партнеров