Астанада 3,5 миллион теңгеден астам тауар ұрлаған Яндекс курьері ұсталды

gov.kz
gov.kz
Елімізде қоғамдық және жеке мүлікті бүлдіргені үшін қолданылатын жаза күшеймек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада 3,5 миллион теңгеден астам тауар ұрлаған Яндекс курьері ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елордалық полицейлер алаяқтық әрекет жасады деген күдікпен 26 жастағы Көкшетау тұрғынын анықтаған екен. Тәртіп сақшыларының сөзінше, ол тапсырыс берушіден өтінімді қабылдап, дүкеннен жаңа тауар алып отырған. Бірақ ол өнімдерді клиентке жеткізбей, өзі иеленіп келген. Алданған қала тұрғындары курьерге хабарласа алмапты. Осылайша, ол ұялы телефондар, ноутбуктер, сымсыз құлаққаптар және басқа да құрылғыларды қолды қылған.

«Алаяқтық әрекеттердің барлық фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді ҚР ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Елімізде қоғамдық және жеке мүлікті бүлдіргені үшін қолданылатын жаза күшеймек. Яғни, енді вандализм үшін айыппұл 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде болады. Ол дегеніміз - 172 мың 500 теңге.

«Бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін, келтірілген залал 200 айлық есептік көрсеткіштен аспаса әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Үшіншіден, ұсақ бұзақылық әкімшілік бабы көліктегі немесе өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қасақана бүлдіргені үшін, құқық бұзуылғаны үшін санкция ұлғайтылды. Іс жүзінде мұндай әрекеттерге ұсақ  заң бұзу жатады», – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма басшысының міндетін атқарушы Азамат Құрымбаев.

Новости партнеров