Алматы облысында есірткі сатумен айналысқан ер адам ұсталды
Almaty.tv
Күдікті гашишты заңсыз сақтаумен және оны өткізумен айналысып келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысының Ескелді ауданында есірткі заттарын сатқан және сақтаған ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жергілікті тәртіп сақшыларының мәліметінше, күдікті гашишты заңсыз сақтаумен және оны өткізумен айналысып келген. Алайда облыстық полиция департаментіне қылмыстық әрекет туралы жедел ақпарат түсіп, күдіктінің 46 жастағы Талғар ауданының тұрғыны екені анықталды.
«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігіне сай қылмыстық іс қозғалды. Жеке тінту кезінде күдіктіден 400 граммнан жоғары гашиш заты тәркіленді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деді ПД баспасөз қызметінің қызметкері Әбілтай Әбенов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52