«Өлім жазасына кесілгім келді»: Жапонияда ер адам метро вагонында қанды қырғын салды

Видеодан кадр
Видеодан кадр
24 жастағы вагонды өртеп, 17 адамды пышақпен жарақаттаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Токиода 24 жастағы ер адамның кесірінен метро вагонында қанды қырғын болды, деп хабарлайды Almaty.tv.    

Соның салдарынан 17 адам жарақаттанған. Арасында ең көп зардап шеккен қарт адамның жағдайы ауыр.

Оқиға Хеллоуин қарсаңында болған. Бұзақы белгісіз затты шашып, вагонды өртегеннен кейін, жолаушыларға пышақпен жүгіріпті. Дүрбелең басталғанда, вагон есігі бірден ашылмапты. Сондықтан халық терезеден шығуға мәжбүр болған.

Кейінірек тәртіп сақшылары бұзақыны қолға түсірді.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, ер адам бірнеше адамды өлтіру арқылы өзін өлім жазасына кескенін қалаған екен.

«Мен адамды өлтіру арқылы өлім жазасына кесілуді қаладым. Егер екі немесе одан көп адам өлтірсем, мен міндетті түрде өлім жазасына кесілемін деп ойладым», - деп жауап берген  Киота Хаттори тергеу барысында.

Новости партнеров