Қызылордалық компания 370 млн теңгеге жалған шот-фактура жазып берген

inform.kz
inform.kz
Бұл құжаттарда көптеген кәсіпкерлік нысандары салықтан жалтару үшін әртүрлі тауарға есеп айырысқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылордада жауапкершілігі шектеулі серіктестік 370 млн теңгеге жалған шот-фактуралар жазып беріп отырған. Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті бірнеше заңды тұлғамен заңсыз мәмілелер жасап, 2018-2021 жылдар аралығында жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан компания әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл құжаттарда көптеген кәсіпкерлік нысандары салықтан жалтару үшін әртүрлі тауарға есеп айырысқан.

«Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті төленбеген салық түрінде барлығы 118 млн теңге көлемінде мемлекетке залал келтірілгенін көрсетті. Сот үкімімен, серіктестік басшысы Избасар Айбек кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», – деді ҚР қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Новости партнеров