ШҚО тұрғынының үйінен ірі көлемде есірткі табылды

 Almaty.tv
Almaty.tv
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ШҚО тұрғынының үйінен ірі көлемде есірткі табылды. Полиция дерегінше, тінту кезінде тұрғыннан ұнтақ пен түйіршік салынған 10 полимерлі пакет пен өлшеуге арналған таразы тәркіленді, деп хабарлайлы Almaty.tv.

Алынған психотроптық заттардың жалпы салмағы 250 граммнан асып түсті. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Оның үстінен 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін қылмыстық іс қозғалып отыр.

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогын аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады, – деді ПД Баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы Татьяна Карпова.

Оқи отырыңыз: Алматының өңдеу өнеркәсібі 20% өсім көрсетті

Новости партнеров