Оралда өгей әкесі кәмелетке толмаған қызын 4 жыл бойы зорлап келген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл сұмдық жайтты 17 жасар жасөспірімнің өзі айтып, жәбір көрген кезінде жазылған аудиожазбасын дәлел ретінде ұсынған. Оның сөзінше, ер адам қыздың анасының жұмыста болғанын пайдаланып, азғындық әрекетін іске асырған.
Ал психологтар мен мектеп, колледж мұғалімдерінен көмек сұраған қызға ешкім сенбепті. Тіпті өзін-өзі өлтіруге әрекет жасағаны үшін оны психиатриялық ауруханаға да жатқызған. Қазір аталған іске қатысты сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
«1967 жылғы азаматтың жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау фактілері белгілі болды. Аталған факт ҚР ҚК 122-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, қазіргі уақытта ҚР ҚК 121-бабына қайта сараланды. Аталған фактіге сәйкес тиісті сараптамалар тағайындалды, сондай-ақ кәмелетке толмағанға психологиялық көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деді БҚО ПД баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева.