Тіршілік нәрімен қамтуға бағытталған 56 млрд теңге тиімсіз жұмсалған

elements.envato.com
elements.envato.com
Бюджеттегі 68 млрд теңгеге тексеріс жүргізілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандықтарды тіршілік нәрімен қамтуға бағытталған 56 млрд теңге тиімсіз жұмсалған. Қомақты қаражаттың қолды болғандығы арнайы жүргізілген аудит кезінде анықталды. Су саласындағы заңсыздықтарды Мәжіліс отырысында Жоғары аудиторлық палатаның төрайымы Наталья Годунова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қомақты қаржыны тиімсіз жұмсаған Су ресурстары комитеті мен «Қазсушар» мекемесі екен. Аталған заңсыздықты жоғары аудиторлық палата арнайы тексерісте анықтапты. Наталья Годунованың сөзінше, 1 млрд 700 млн теңге қазынаға қайтарылған. Бармақ басты, көз қысты фактіге қатысты 4 материал құқық қорғау органдарына жолданған.

– 3 млрд 300 млн теңгеге заңбұзушылықтар, 56 млрд теңге болатын бюджет қаражатын және қарызды тиімсіз жоспарлап және пайдаланғаны анықталды. Әкімшілік айыппұл салынды. Құқық қорғау органдарына 4 материал берілді. Бір іс бойынша 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі сот үкімі шығарылды. Кәсіпорынға бюджет қаражатының айтарлықтай құйылуына қарамастан барлық проблема су ресурстарын басқару жүйесіндегі жұмыстың тиімсіз ұйымдастырумен байланысты болып отыр, – деді ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Наталья Годунова.

– Аршалы ауданы Жібек жолы, Целиноград, Қараөткел аудандарының ауыз сумен қамтылуы тек 40 пайызды ғана құрайды. Егіндікөл және Талапкер ауылдарында ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі де өзекті. Себебі сумен жабдықтау желілері 15-40 пайызға дейін тозығы жеткен. Аталған ауылдар ауыз суды Астанадан тасуға мәжбүр, – деді ҚР Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ.

Алдағы 6 жылда Қазақстанда су ресурсы айтарлықтай азаяды деген болжам бар. Минитрлік мамандары «тіршілік нәрін пайдаланудың тиімділігі төмен» дейді. Тозығы жеткен құбырлар мен ескірген желілер де суды үнемдеуге кедергі келтіреді. Ресми дерекке сүйенсек, бүгінде су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозған.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтарға несие беру: жаңа заң жобасына қандай өзгерістер енгізіліп жатыр

Новости партнеров