|
18.10.2023 | 15:05
453

Атырауда өзенге батқан көліктен екі адамның денесі табылды

Қазіргі таңда мүрделерге сот-медициналық сараптамасы тағайындалды

Атырауда өзенге батқан көліктен екі адамның денесі табылды aikyn.kz

Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, 17 қазан учаскелік полиция инспекторы Жайық өзеніне бағытталған автокөлік ізі барын мәлімдеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілішісі aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

"Аталған хабарлама бойынша Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жайық өзеніне батып кеткен Niva автокөлігін шығарды. Көлік ішінен 1971, 1981 жылы туған екі ер адамның мүрдесі табылды. Дене жарақаттары анықталмаған. Бейнекамераларда 16 қазан сағат 23:18 шамасында автокөліктің жоғары жылдамдықпен барып, Жайық өзеніне батқаны түскен. Қазіргі таңда мүрделерге сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", – делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир