Діни алауыздықты қоздырды деген күдікті Ресейден елге қайтарылды. Қазір ол тергеу изоляторында жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Қазақстанға экстрадицияланған азаматқа қылмысы үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ол 2016-2017 жылдары Алматы қаласында көпшіліктің діни сезімін қорлауға бағытталған әрекеттер жасапты. Кейіннен Мәскеуде ұсталып, сотталған.
«Бұл қылмыстың өзге де қатысушылары әртүрлі жауаптылыққа тартылды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды. Осыдан кейін, 2017 жылы күдікті Мәскеуде қарақшылық жасап, сотталған. Ресейде жазасын өтегеннен кейін аталған адам қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға қайтарылды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды», - деді ҚР Бас прокуратурасының өкілі Әсел Берқалиева.
Оқи отырыңыз: Төрт өңірде деструктивті діни ағымның жақтаушылары ұсталды