Алматыда алаяқтардың кең таралған схемасы аталды

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Бұл туралы Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері айтып берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кілтсөзі жоқ қоғамдық Wi-fi-ға қосылғанда банк қосымшасын пайдаланып жүрмеңіздер. Интернет алаяқтар есепшотқа қол сұғудың жаңа әдісін ойлап тапқан көрінеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін Алматыдағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері әккілердің жиі қолданатын схемасын жайып салды. Мамандардың айтуынша, соңғы кезде интернет-дүкендердің атын жамылған алаяқтар көбейген. Сондықтан төлем жасар алдында сайтты тексеріп алған абзал. Жымысқы әрекетін іске асырушылар жалған тауардың ақысын алып қана қоймай, ақша салған адамның жеке мәліметіне қол жеткізіп, атына несие рәсімдей алады.

– Бейтаныс сайттарға өтіп, ол жерге жеке ақпаратты қалдыруға болмайды. Сонымен қатар қазір әлеуметтік инженерия деген дамып келеді. IT технологиялардың дамыған уақытты. Осыған байланысты түрлі алаяқтық схемалар, «дипфейк» деген жаңа әдіс – адамдардың бейнесін, даусын салып, адамдарды алдайтын алаяқтықтың жаңа түрі, – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің департамент басқармасының бас маманы Мұхамед Бағдатұлы.

Ресми статистикаға сүйенсек, былтыр ел бойынша алаяқтыққа қатысты 21 мыңнан астам дерек тіркелген. Мамандар бұл көрсеткішті төмендету мақсатында, яғни қылмыстың алдын алу үшін тиісті іс-шаралар қабылданып жатқанын айтты.

– 2023 жылдың шілдесінде Агенттік, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мен 18 банк арасында азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғауға қатысты өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты – тараптардың қаржы нарығындағы алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар қабылдау, интернет-алаяқтардан зардап шеккен клиенттерге залалды өтеу тетігін әзірлеу, сондай-ақ азаматтарға алаяқтық тәсілмен рәсімделген несиенің берешегін реттеу арқылы құқық қорғау, – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің департамент директоры Александр Терентьев.

Новости партнеров