Қазақстанның 5 облысында есірткі зертханаларын ашқан қылмыстық топ ұсталды

көрнекі сурет
көрнекі сурет
Бұл туралы Ішкі Істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның 5 облысында есірткі зертханаларын ашқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Ішкі Істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін Қарағанды полицейлері әшкерелеген. Топ қатысушыларынан жалпы саны 70 килограмнан астам құрғақ және сұйық түрінде алынған дайын синтетикалық есірткі және 3,5 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленген.

«Тергеу барысында зертханаларды ұйымдастырушылардың біздің елден тыс жерде Ресей, ТМД-ның басқа да елдері мен алыс шетелдерде психотроптық заттарды дайындап сататын трансұлттық ұйымдасқан топ құрғаны анықталды. Қылмыстық топ кураторлары психотроптық заттарды шетелден біздің елге сұйық түрде жеткізу арнасын ұйымдастырған, ол автокөлік майлары мен қосалқы бөлшектер, алкогольді ішімдіктер, тұрмыстық заттар, май радиаторлары мен өрт сөндіргіштер түрінде логистикалық фирмалар арқылы жеткізіліп тұрған», – деді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Новости партнеров